Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.04.2017
ҰОС қатысушылар арасында шахматтан жарыс өтті

2017 жылдың 13 сәуірі күні, Әуезов аудан әкімі аппараты мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы және аудандық Ардагерлер кеңесімен бірлесіп, Алматы Ардагерлер үйінде, Ардагерлер кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуына орай әрі Ұлы Жеңістің мерекесі қарсаңында, Ұлы Отан соғысы мен еңбек майданына қатысушылар арасында, шахматтан блиц-турнир өткізді. 


Әуезов ауданының ардагерлері, қарттар, өздерінің спорттағы шеберліктерін, бойларындағы күш-қуаттарының мықтылығын дәлелдей білді. Қарт адамдар үшін ең маңыздысы – толыққанды деннің саулығы мен сергектік. Егер адам толыққанды өмір сүрсе, ол үлкейген сайын, қоғамға пайдасын тигізеді. Егер кімде-кім, артта қалған өмірін босқа өткіздім десе, ол өзінің әлсіздігі. Қарттықтан қашып құтыла алмайсың, бірақ, қарттықты мәнді де сәнді етіп бағалап өткізуге болады. Адам өз жасынан әрқашан 10 жас болса да, жасартып, сергек ұстауына болады. Кей адамдар, қарттықты 40-50 жаста-ақ, сезінсе, кейбіреулер 80 жастың өзін де сергек сезінеді. Мұның барлығы өзімізге байланысты. Кез келген жаста, адам өзін-өзі ұтымды өмір сүруге бейімдей білуі керек. 

Байқауға қатысуышаларды, Әуезов ауданы Ардагерлер кеңесінің төрайымы Бәтима Ибраева құттықтап, қарсы алды. Ол өз сөзінде, кез келен адамның денінің саулығы-өз қолында. «Дені сау болу – ол тек ауырмаудың ғана жолын іздеу емес, әлеуметтік психолгиялық тұрғыдан да толыққанды болу», - деп, оларға алдағы ойынға қатысушы қарттарға сәттілік тіледі. 

Ардагерлер ойын барысында, өздерінің табандылығы мен ұтқырлық шеберліктерін еркін көрсетті. Ойынның қорытындысы бойынша, А. Төреғалиев – бірінші орынды, В. Цой – екінші орынды, үшінші орынды – Ұ. Жанғалиев иеленді. 

Жеңімпаздарға Әуезов ауданы әкімінің атынан арнайы сыйлықтар, мақтау қағаздары табыс етілді.

13.04.2017