Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.04.2018
Шашкадан қалалық жарыс өткізілді

2018 жылдың 13 сәуірі күні, Алматы қалалық Білім басқармасының бастамасымен, Әуезов ауданының № 1 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде, партияның «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ!» жобасы аясында, 1-11 сынып оқушылары арасында, «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз!» тақырыбында шашкадан қалалық жарыс өтті. 


Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау және мектеп оқушыларын шашкамен үнемі шұғылдануға тарту. 

Спорт орталығының әдіскері Сергей Галышев спортқа қатысушыларды құттықтап, ойыншыларға сәттілік тіледі. Спорттық жарыста қатысушылар жақсы дайындықтарын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Түрксиб ауданының оқушылары, ІІ орынды Алмалы ауданының оқушылары, ІІІ орынды Алатау ауданының оқушылары иеленді. Спорттық жарыс жеңімпаздары дипломдар мен медальдармен марапатталды.

13.04.2018