Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.09.2018
Туған тілім – тірегім!

2018 жылдың 13 қыркүйегі күні Әуезов ауданы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж. Т. Маденова, Қазақстан халқының тілдері күніне орай, «Туған тілім – тірегім!» тақырыбында жиналыс өткізді. 


Ж. Т. Маденова өз сөзінде, ҚР Конституциясының 7-бабында, «Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі болып бекітілгенін, ал, ресми тіл – орыс тілі екенін жеткізді. Қазақ тілін терең меңгеруге, ағылшын тілін үйренуге де ден қою керек екеніне тоқталды.

Республикалық конкурстың жеңімпазы, «Тіл ардагері» төс белгісінің иегері, басқарманың тіл маманы Б. Қ. Бекетова сөз алып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алған тарихи кезеңдеріне шолу жасады, ұлттың жаны – туған тілдің маңызына тоқталды. Қазақ ұлтын жаһандану қаупінен сақтап қалатын оның тілі мен ділі, салт-дәстүрі, деді ол. Мерекенің маңыздылығы жөнінде кеңінен айтып, биылғы жылғы тіл мерекесінің ерекшелігіне тоқталды. Өзінің «Тіл киесі» атты өлеңін оқып берді. 

Жиналыс соңында басқарма қызметкерлері арасында дайындалған мемлекеттік тілде жыр оқу, ән айтудан «Туған тілім – тірегім!» атты байқау бағдарламасы ұсынылды. Екі капитан болып сайысқан өнерлі мамандар ортаға шығып, өз өнерлерін ортаға салды. Соңында жеңімпаздар марпатталды.

13.09.2018