Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.04.2017
Ардагерлер құрметіне концерттік бағдарлама ұйымдастырылды

2017 жылдың 14 сәуіру күні, Әуезов ауданы әкім аппараты мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Алматы мемлекеттік сервистік қызмет көрсету колледжінде, партияның «Ардаерлерді ардақтайық!» жобасы аясында, Ардагерлер кеңесінің құрылғанына 30-жыл толуы мен Ұлы Жеңіс күніне орай, соғыс және еңбек майданының ардагерлеріне арналған соғыс жылдарындағы эпизодтар мен әндерге шолу жасалған, соғыс сәттеріндегі Батырлардың ерліктерінен үзінділер жинақталған қызықты концерттік бағдарлама ұйымдастырды. 


Шараға Әуезов аудандық әкім аппаратының жауапты мамандары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, колледждің профессор-оқытушы мамандары мен колледж студенттері қатысты. 

Қатысушылар соғыста қаза болғандарды еске алу мақсатында, үнсіздік минутын жариялады. Ұйымдастырушылар ардагерлермен кездесу өткізу жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруде маңызы зор екенін айтты. Болашақ Қазақстан Республикасының Отан қорғаушы офицерлері олардың Отан қорғауда көрсеткен ержүрек, қайсар тәжірибелерінен мол тәжірибе жинақтайтынын атап кетті. 

Ардагерлер жиналғандарға өздерінің ғибратты сөздерін арнады. Соғыс жылдарындағы қиыншылықтарды еске ала отырып, Тәуелсіз Қазақстанның келешек ұрпақтарына бейбіт өмір мен ашық аспан тіледі.

14.04.2017