Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.06.2018
Мемлекеттік қызметкерлер арасында КТК ойыны ұйымдастырылды

2018 жылдың 14 маусымы күні, Әуезов ауданы әкім аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бекжан Қуанышевтың қатысуымен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен, ҚР мемлекеттік қызметкерлер күніне орай, Алматы қаласы мемлекеттік қызметкерлерінің арасында көңілді тапқырлар сайысы (КВН) өткізілді. 


Аталған шараның мақсаты – жастарға тәуелсіздік тарихына деген құрметті тәрбиелеу, рухани мәдениетін арттыру, ауданның белсенді жастарының бос уақытын ұтымды және жақсы өткізуіне жағдай жасау. Сонымен қатар, бұл ойын мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатымен, өзін-өзі көрсете алатын, нақты өмірлік жағдайларда өзінің міндеттерін шешу үшін, қазақ тілінде ауызша сөйлей алатын, әдеп нормасын сақтап, адамдармен қарым-қатынас жасай алатын жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған. 

Көңілді тапқырлар сайысына Алатау ауданының, Әуезов ауданының, Жетісу ауданының, Наурызбай ауданының әкімі аппараттарының, Әділет басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының топтары қатысты. Сайыс барысында, әр топ өзара «Сәлемдесу», «Сұрақ-жауап» пен «Үй тапсырмасы» сияқты үш кезең бойынша өздерінің білімділігін, белсенділігін, өнерпаздығын, тапқырлығы мен ой-өрісін көрсете білді. 


Ойын қорытындысы бойынша, бірінші орынды Әуезов ауданының әкім аппараты иеленді. Екінші орынға Алатау ауданының әкім аппараты ие болса, үшінші орынды Наурызбай ауданының әкім аппараты жеңіп алды. Көңілді тапқырлар сайысының жеңімпаздары әділ қазылар алқасы жан-жақты бағалап, саралау бойынша белгіленді. Жеңімпаз топтарына кубоктар, мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтары табысталды.

14.06.2018