Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.06.2018
Университетте «Өз денсаулығың өз қолыңда!» атты акция өтті

2018 жылдың 14 маусымы күні, Әуезов ауданы әкім аппаратының қолдауымен, аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері Қазақ жолдар қатынас университетінің студенттерімен «Өз денсаулығың өз қолыңда!» атты акциясын өткізді. 


Акцияның басты мақсаты: халық арасындағы адам ағзасын қоршаған орта факторларының зиянды әсерінен қорғай алатынын, денсаулық сақтауға және түрлі ауруларды болдырмауға, алдын-алуға спортпен шұғылдану көмектесетінін, әр түрлі аурулардың алдын алу үшін, ағзаны үнемі шынықтыру қажет екенін жеткізу. Шынығудың арқасында ағза, қоршаған орта температурасының күрт өзгеруіне бейімделеді және ағзаның жұқпаларға қарсылығын күшейтеді. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы, шынығуға бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру керек. 

Өткізілген спорт ойындарының нәтижесінде студенттер спорт секцияларына жазылып, үнемі спортпен шұғылдануға ниеттеніп, спортқа деген көзқарасын өзгертті. Бұл акция студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруының негізгі шарты болып табылды.

14.06.2018