Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.09.2017
Салмақты сөз жаны жомарт жанның жомарттық ісімен толықты

«Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының бастамасымен, жаны жомарт жан, халық қалаулысының жомарттық қамқорлығының арқасында партияның «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында «Мектепке жол» атты Республикалық акциясытағы да жалғасын тапты. 


Акцияның мақсаты – мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту, мектепке қажетті оқу-құралдарымен қамтамасыз етіп, ерекше қамқорлық таныту. 

«Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров акцияға жиналған бүлдіршіндер мен ата-аналарға зор денсаулық, отбасыларына ұзақ ғұмыр тіледі. Ол өз сөзінде отбасының қоғамдағы рөліне, құндылықтарды сақтаудағы маңыздылығына, отбасында ұрпақтар сабақтастығы, аға буынға деген құрмет, балаларға қамқорлық, өзара қолдап-демеу дәстүрдері, еңбексүйгіштік және білімге деген құштарлық қалыптасатындығына тоқтала отырып, отбасын, ұлт денсаулығын нығайту, өскелең ұрпаққа білім беру мәселелері ҚР Президентінің Жолдауларында жыл сайын көтерілетін мәселе екендігін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында Елбасы жаңа әлеуметтік саясаттың жаңа принциптерін анықтап, баланы қорғауды алдағы жылдардың ең маңызды басымдықтардың бірі ретінде белгілегендігі жөнінде тұщымды ойын жеткізе отырып, акцияға қатысушыларды қонақпен таныстырды. 

Алматы қаласының Мәслихат депутаты Александр Гарбер мен Мұрат Омаров аз қамтылған жэәне копбалалы отбасыларының 10 баласына мектеп сөмкелері мен мектепке қажетті құралдарын табыс ете отырып, ізгі лебіздерін білдірді. Жаңа оқу жылы басталып кетсе де балалардың болашағына алаңдап, оларға бақыт пен қуаныш сыйлаған «Нұр Отан» партиясының қамқорлығына, сондай-ақ балалардың үнін тыңдап, оларға демеу болған халық қалаулысы А. Л. Гарберге шексіз алғыстары мен дән ризашылықтарын білдірген жас жеткіншектер мен ата-аналардың көңілі шаттыққа бөленді.

14.09.2017