Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.04.2017
Аудан тұрғындары қалалық сенбілікке белсене қатысты

2017 жылдың 15 сәуірі күні, Әуезов ауданының әкімі Алтай Рақымбетовтың, оның орынбасарлары Архат Омаров пен Бақытжан Рақымбековтың, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен ардагерлер қауымдастығының қатысуымен, қалалық сенбілік аясында, аудан аумағында 170 шақты ағаш отырғызылды. 







Қаланы көріктендіру мен тазарту мақсатындағы жалпы қалалық сенбілікке студенттер, мектеп оқушылары, орта және шағын бизнес өкілдері, ПИК және аудан тұрғындары белсенді атсалысты. 

Әуезов ауданы әкім аппаратының жауапты мамандары сенбілікке қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етті. 


Сонымен қатар, тұрмыс қалдықтарын уақытылы сыртқа тасу мақсатында, жүк көліктері де бөлінді. Сенбілік барысында, қаланы тазарту мен көріктендіру жұмысына 30 мыңға жуық адам қатысты. Жұмылдырылған техника саны – 101. КММ «Алматы Тазалық», ЖШС «Фирма ЛЭУ», АҚ«Тәртіп» және басқалардың көмегімен, 1000 текше метр көлемінде қоқыс пен түрлі тұрмыс қалдықтары қала сыртына шығарылды. 

Сонымен қатар, осындай тұрмыс қалдықтары мен қоқыстан «Үлкен Алматы» мен «Сайран» су қоймасының жағалауы да тазартылып, ағаштар ақталды. 


Қыстан кейінгі жайма-шуақ көктемде, барлық саябақтар, көшелер, жаяу жүргіншілер жолы, құрлыс алаңдары жаппай қоқыстан тазартылды. «Арна» «14-үй басқармасы», «Ақсай-4/69», «Мақсат», «Мамыр-7», «Қаратал», «Таугүл», «Батыр», «Алмас», «Мамыр» және «Школьник» ПИК-тердің тұрғындары тұрмыс қалдықтарын, қоқыстарды тазартып қана қоймай, тиісті жерлерді қоршау жұмыстарын да жүргізді. 


Аудан тұрғындары, өз қолдарымен, жұмыстан соң, бас қосып отыратын есік алдылары мен айналаға, өз аулаларын көріктендіріп, тазалық жүргізу барысында, асқан белсенділік танытып, балалардың ойын алаңын, отыратын орындықтарына дейін, тамаша тазалықтың нышанын кіргізгеніне көңілдері жайланды. Бәріміздің ойымыз, осыдан кейін, ауданның әрбір тұрғыны, өздерінің баға жетпес байлығы-денсаулықтары үшін айналаның таза, көрікті болып қалыптасуына үлкен жанашырлықпен қарап, олардың сынып, бүлінуінен қорғайтын шығар деген үмітіміз зор. 



«Тазалық-денсаулық кепілі»-деген сөзді өте жақсы білеміз. Сіздердің барлықтарыңыз өз денсаулықтарыңыз үшін, өз балаларыңыздың болашағы үшін, айналаның, тұратын жердің таза болуына, атсалысуларыңызды сұраймыз!

15.04.2017