Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

16.05.2017
Аудан тұрғындары Қоғамдық қабылдауда

Қоғамдық қабылдау бөлімінің қызметі партия имиджін одан әрі нығайтып, қоғамдық пікірді зерделеуге және өзекті мәселелерді шешуге ықпал етіп келеді. «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімі мемлекеттік органдармен өзара қатынасын арттырды.Нәтижесінде мемлекеттік органдарға жолданған азаматтар өтініштері бойынша алынған жауапттар санының жоғарғы көрсеткішіне қол жеткізілді. 

2017 жылдың 16 мамыры күні Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Оразалин, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаровтың қатысуымен, бекітілген кестеге сәйкес, партияның аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. 


Қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарға нақты жауаптар алды. Келіп түскен өтініштердің көбі қоғамдық маңызы бар мәселелер. Олардың басым бөлігі баспана мәселесіне қатысты болса, қалғаны әлеуметтік көмек көрсету мен өзге де мәселелер төңірегіндегі сауалдар. 

Еркебұлан Оразалин қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап беріп, азаматтардың өтініш-ұсыныстарын негізге ала отырып, әрбір азаматтың арызының дәйектілігін мұқият зерделеп, өзі бақылауға алатынын жеткізді.

16.05.2017