Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2019
"Нұр Отандағы" дөңгелек үстел

«Қазақстан кітапханалары» партиялық жобасын жүзеге асыру аясында «Қазақстан жазушыларының кітапханасы» базасында "Нұр Отан" партиясы Әуезов аудандық филиалының қолдауымен Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау бойынша танымал жазушылармен кездесу өтті.


Дөңгелек үстелдің модераторы Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының профессоры, кафедра меңгерушісі Болысбек Батталханов болды.


Ауқымды құжаттың маңыздылығы туралы белгілі жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры аясында құрылған «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі Мұратхан Шоқан, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, №1 мектеп-гимназиясының директоры Динара Жанзақова, Қазақстан Жазушылар кітапханасының директоры Елена Ағайса өз пікірлерін білдірді.


Бұл мақала халықтың мәдени-рухани дамуына бағытталғанын атап өту қажет. Оны іске асыру үшін ортақ ұйымшылдық пен күш біріктіру қажет, бұл туралы актив қатысушылары да айтты.


17.01.2019