Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.04.2017
Колледж оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды

2017 жылдың 17 сәуірі күні «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайым-Мұнар Табеев Алматы мемлекеттік сервистік қызмет көрсету колледжінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша білім алушыларымен кездесіп, сұқбаттасты. 


Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Үшінші жаңғырту: Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауында Елбасы IT технологияларды дамыту мен цифрлық индустрияны әрбір салада қолданысқа енгізуге ұсыныс жасағанын айта келе, күн сайын дамып жатқан әлемнің ағымына ілесу үшін, ең алдымен жастар жаңа технологияларды игерген, білімді, бірнеше тілді еркін меңгерген болуы шарт екендігін тілге тиек етті. Сонда ғана біз Елбасы бағдарлаған әлемнің тұрақты дамыған 30 елінің қатарына кіруге мүмкіндігіміз арта түспек, Жолдауды негізге ала отырып, еліміздің жүйелі дамуына жастардың сүбелі үлес қосатынына сенетінін білдірді. 

Аудандық филиалдың «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері өз кезегінде алға қойылған өршіл міндеттер мен мақсаттарды іске асыруға әзір екендіктерін айтты.

17.04.2017