Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.04.2017
Ауданда партиялықтар кембағал жандардың мәселелерін талқылады

2017 жылдың 17 сәуірі күні Әуезов ауданында «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» атты жобасын жүзеге асыру аясында, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлік дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын түсіндіру бойынша семинар өтті. 

Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлік дамыту бағдарламасы туралы семинарға келген қонақтар мен қатысушыларға Әуезов ау¬дандық халықты жұмыспен қамту орта¬лығының маманы Динара Шаки¬рова егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. «Негізгі өлшемдеріне сәйкес, бағ¬дарламаның мақсаты – халықты жұ¬мыспен қамтуға тиімді жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Бағ¬дарламаның басты міндеті – еңбек нарығына қажеттіліктерін ескере оты¬рып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды тарту. Алматыда барлық азаматтар үшін жайлы жағдайлар жасалатын болады», – деп түсіндірді ол. 

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұ¬мыспен қамту саласы бойынша мем¬лекеттік қызметтер көрсету оңтүс¬тік аста¬налық жұмыспен қамту орта¬лық¬тарының басым міндеттердің бірі, өйт¬кені ол «Алматы – барлығы¬ның қаласы» деген ұранмен үндеседі. Бүгін Алматыда бүкіл қала тұр¬ғын¬дары жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Мүге¬дектердің ыңғайлы жүріп-тұруы үшін пандустар салынуда, жоғары қабаттарға шығаратын «инва-такси» арнайы көтергіштер жұмыс істеп тұр. Бұл мүм¬кіндігі шектеулі адамдар өздерін қоғам¬нан алыс сезінбеуі үшін жасалып жатыр. 

«Қаланың алдында қазіргі кезде басқа міндеттер тұр, мүгедектердің өмір сүруіне қажетті жағдайларды жасап қана қоймай, олардың көпшілігін қалыпты өмір сүру деңгейіне жеткізу керек. Олар масыл болып отырмауға тырысатыны белгілі, сондықтан олар¬ды жұмыспен қамтамасыз ету керек. Ал олар өздеріне пайда әкеле оты¬рып, қаламызға және жалпы қоғамға пайдаларын келтіреді», – дейді Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров. 


Қоғамдық қабылдау қаладағы мүм¬кіндігі шектеулі адамдармен ұдайы кез¬десіп тұрады. Олардың тарапынан жиі көтерілетін мәселе жұмысқа орна¬лас¬тыруға жәрдемдесу. Ұйымдас¬тырушы¬лардың пікірінше, бұл шара¬ның басты міндеті – дәл осындай санаттағы азамат¬тар үшін лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орна¬ласуға жәр¬де쬬десу, әлеуметтік жұмыс орын¬дарын құру және қоғамдық жұ¬мыстарды ұйымдас¬тыру.

17.04.2017