Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.04.2018
Студенттер елерінің арасында кіші-футболдан жарыс өтті

2018 жылдың 17 сәуірі күні, Әуезов ауданы әкім аппаратының ұйымдастыруымен, Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, «Медина» спорт кещенінде, аудан аумағында орналасқан, жоғары оқу орындарының студенттері арасында кіші-футболдан жарыс өткізілді.  


Жарыстың басты мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, «Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықтарын дамыту және жетілдіру болып табылды. 


Жарыстың қорытындысы бойынша, бірінші орынға Қазақ қатынас жолдары университетінің студенттері ие болды. Екінші орынды Алматы университетінің командасы жеңіп алса, үшінші орынды НарХоз университетінің жастары иеленді. Жеңімпаздар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, ең үздік қақпашы мен шабуылшы да марапатқа ие болды.

17.04.2018