Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.05.2017
Жасотандықтармен жиналыс өткізілді

2017 жылдың 17 мамыры күні «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелерімен кеңейтілген отырыс өткізді. 


Отырыс барысында «Жас Отан» жастар қанатының ішінде сапалы білім, еңбек, жастардың әлеуметтік бейімделуінің басты факторы, мәдени даму мен бірлік, жастардың кәсіпкерлігін дамыту, ғылымды дамыту, «Жастар – Отанға!» партиялық жобасы аясында өткізілген іс-шаралардың нәтижелері және қорытынды есептері қаралды. «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне байланысты сұрақтар талқыланды. 

Мұрат Омаров жастар қанатының белсенділеріне оқу орнын бітіріп, ауылдарына қайтатын немесе оқуын жалғастыратын суденттерге «Жас Отан» жастар қанатынан үйренгендерін әрі қарай дамытып, белсенділіктерін жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ, ол «Сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ер жетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деп белсенді жастарға жылы лебізін білдіріп, отырысты аяқтады.

17.05.2017