Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев №86 мектепте №6 және 10а ықшам аудандарының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.07.2019
Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев №86 мектепте №6 және 10а ықшам аудандарының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев №86 мектепте жергілікті полиция қызметі, аудан қызметі және ПИК өкілдерінің қатысуымен №6 және 10а ықшам аудандарының тұрғындарымен кездесу өткізді.Сонымен қатар, аудандық полицияның жаяу және автопатрульдерінің бағыттары пысықталып, енді көшелерде ғана емес, ықшам аудандардың аулалық аумақтарында да бақылау жүргізілетін болады.
Жұмыстар кестеге сәйкес қаржыландыруға қарай басталады және ол туралы ақпаратты  міндетті түрде интернет-ресурстарда орналастырамыз, сол жерде патрульдеу бағыттары көрсетілетін болады.
Жиналыс барысында  тамыз айында №6 ықшам ауданда №39 үйден 86 мектепке дейін жарық тіректерін салу және арық желісін жөндеу, 6 және 10а ықшам аудандардағы аллеялар бойында ағаш отырғызу, №6 ықшам ауданындағы №42 үйдің жанында қоқыс алаңын орналастыру үшін орын қарастыру, № 6 ықшам ауданда пластик қоқыстарды жинауға арналған контейнерлер санын көбейту, № 10а ықшам ауданында ЖСҚ әзірлегеннен кейін 2020 жылы жөндеу жұмыстарын жүргізу, № 6 ықшам ауданында ЖСҚ дайын болғаннан кейін 2021 жылы жөндеу жұмыстарын жүргізу, Янтарная көшесінде және өтпе жолдарда ағымдағы жөндеу жүргізу,  2 топ мүгедектерін әлеуметтік қамтамасыз ету, №6 ықшам аудандағы №16 үйдің  жылыту жүйесін тексеру және қысқы мерзімде аулаларды және тротураларды  қардан тазалау және реагенттерді себу жұмыстарын бақылауға алу туралы шешімдер қабылданды.

17.07.2019