2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.10.2018
Өнім қауіпсіздігінің мониторингі

Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өнім қауіпсіздігінің мониторингі аясында және қоғамдық денсаулықты сақтау мақсатында Әуезов ауданының сауда объектілерінде өнім сатып алу қайта басталғандығы туралы хабарлайды. 

Бүгінгі күні техникалық регламенттер талаптарының сақталуын қадағалау бөлімінің мамандары зертханалық зерттеулер жүргізу үшін 239 өнім сынамасын іріктеп алды, оның ішінде 106 сынама техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеді, бұл сәйкессіздіктің 44,3 % құрады. 

Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша сәйкес келмейтін өнімдерге қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, оның барысында анықталған бұзушылықтар бойынша 19 жеке кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың ішінен 11 жағдайда Әуезов ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен айыппұл салу туралы қаулы шығарылды және 8 жағдайда материалдар ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабы 3-тармағы бойынша қызметін тоқтатумен айыппұл салу үшін Алматы қаласының аудан аралық әкімшілік сотына берілді. 

Өнім қауіпсіздігі мониторингі шеңберіндегі жұмыс одан әрі жалғасатын болады, өйткені қоғамның денсаулығын сақтау – бұл еліміздің экономикасы мен әл-ауқатының дамуының басты факторы.

17.10.2018