Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.04.2017
Құлақтан кіріп бойды алар,әсем ән мен тәтті күй

2017 жылдың 18 сәуірі күні, «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында, Әуезов аудандық «Алма» бастауыш партия ұйымының мүшелері, № 60 балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен, «Әнші балапан» байқауын ұйымдастырды. 


«Құлақтан кіріп бойды алар,әсем ән мен тәтті күй» деп данышпан ақын Абай атамыз айтқандай, жақсы ән сиқырлы әуені адамның жан дүниесін әдемі әсерге бөлеп, көңіл күйін сергітетіні баршамызға мәлім. Балабақшада тұлғаны тәрбиелеу және де балалардың музыкаға бейімділігін қалыптастыру мақсатында, ұйымдастырылған бұл «Әнші балапан» байқауы қызықты өтіп, кішкентай бүлдіршіндеріміз сыңғырлаған дауыстарымен ән айтып, би билеп «Көбелектің қызықты хикаясы» атты музыкалық композициясын ортаға паш етті. 

Байқауға «Игілік» республикалық журналының бас редакторы Меруерт Әбдірайымова қатысып, өзінің ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. 

Байқау соңында аудандық филиалдың саяси кеңес мүшесі, «Алма» бастауыш партия ұйымының төрайымы, № 60 балабақша меңгерушісі Ақтамақ Сәрсембаева: «Талаптарың таудай, қанаттарың талмай, биіктерге самғай беріңдер», - деген ақ тілегін білдіріп, бүлдіршіндерді мадақтады.

18.04.2017