Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.04.2017
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

2017 жылдың 18 сәуірі күні, Әуезов ауданының әкімі Алтай Рақымбеов, Алматы қ. Мәслихат депутаты Кенжехан Матыжановтың қатысуымен, Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау бойынша аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен жиналыс өткізді. 


Жиналыс барысында Кенжехан Матыжанов рухани ой-толғауда ұлттық құндылықтарымызға, елдік мақсат пен мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары жайлы баяндады. Ол бұл жолы Елбасы ендігәрі не нәрсеге мән беруіміз керектігін кеңінен толғайтынын айтты. 

«Елбасымыз цифрлы Қазақстан, үштілділік, конфессияаралық келісім төңірегінде ой өрбіткен. Еліміздің бәсекелесе отырып, дамыған 30 елдің қатарына қосылу кезіндегі рухани байлығымыздың үлесін көбейтіп, күшейту керек. Өйткені бәсекеге қабілетті болу тек қана экономикаға байланысты емес. Біз құрған қазақ мемлекетінің, яғни біздің мыңдаған жылғы тарихымыздағы құндылықтардың барлығы біздің бойымызда болуы керек. Бұл тек бүгінімізге ғана шолу жасаған мақала емес. Онда болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілген» - деді ол. 

Қазір әлемдегі жағдай тұрақсыз. Терроризм қаупі жаһанға төнді. Бұл орайда Қазақстан әлем үшін бейбітшіліктің бесігі саналады. Ал рухани жаңғыруға көшу елдеріңізді жаңа асудан асыратынына сенемін. Елбасы экономикалық реформаларды жариялады. Саяси реформаларға да кірісіп кеттік. Ал енді мынау рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. Шынында бүгінгі таңда біздің халқымыз үшін ежелден келе жатқан біздің салтымыз бен дәстүріміз, мәдениетіміз – біздің ұлттық кодымыз. 

Жиналысты қорытындылай келе, Еркебұлан Оразалин Елбасының бағдарламалық мақаласын аудан тұрғындарына түсіндіріп, кеңінен тарату бойынша аудандық ақпараттық-насихат тобының жұмысын күшейтуді тапсырды.

18.04.2017