Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.05.2017
Сиқырлы әлем жұлдыздары

2017 жылдың 17 мамыры күні, Әуезов ауданы әкім аппараты мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Алматы қаласының «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілері, Алатаудың етегі Каменка үстіртінде орналасқан, биік таулы обсерваторияға барды. 


Балаларға обсерваторияда экскурсия жасалды. Бұл жерде жүз жылдам астам жұлдызды жерге жақындатып отырған, қазіргі техникаға сай, телескоп бар. Сонымен қатар, бұл жерде «тілектер жолы» атты отырғызылған ағаштар аллеясы бар. Осы жолды «бақыт жолы» деп атайды. 

Балалар обсерватория жөнінде қызықты лекциялар ғана тыңдап қоймай, мұз дәуірінде космостан жерге ұшып келген нағыз метеоритті көрді. Содан кейін «Nedelka» кафесінде түскі астарын ішіп, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті. «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасын іске асыру мақсатында, «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының «Магнум-Шабыт» бастауыш партия ұйымы Алматы, Астана, Шымкент қалаларының балалар үйімен белсене араласуда. Балалар обсерваторияға шығып, астрономдармен кездесті. 


Шымкент қаласының балалар үйінде өткен нағыз астрономдармен кездесу де өте қызықты өтті. Кеш бойы балалар жұмбақ әлемі, галактика түрлері, аспан денелері және жұлдыздар туралы тыңдады. Балалар үшін ең қызықтысы телескоп арқылы айды тамашалау болды. Ал елордамыздың балалар үйінің тәрбиеленушілері бүкіл әлемге мәлім жұлдыздарды зерттеуге барады. Әлемдік 3D саясахат бәрінің көңілінен шығатыны сөзсіз. Расымен де жұлдыздар әлемі таң қаларлық!

18.05.2017