Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.05.2017
Мамандандырылған білім ордасына жұмыс сапар

2017 жылдың 18 мамыры күні «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров арнайы девиантты мінез-құлықты балаларды оқытатын мекемеге барып, бұл жердегі жасөспірімдердің қалай тұрып жатқанын көріп қайтты. 


Бұл Алматы қаласындағы тәртіптерінде ауытқуы бар балаларға арналған жалғыз мекеме. Девиантты мінез-құлықты балалар дегеніміз – мектепке бармайтын, ата-анасын тындамайтын, ұстаздардың, ювенальды полицияның беделін мойындамайтын,үйлерінде тұрмайтын немеесе үйлерінен кетіп қалатын, қоғамға қарсы іс-қимылдар жасайтын,балағат сөздер айтатын, қоғамдық орындарда темекі тартатын балалар. 

Мамандандырылған девиантты мінез-құлықты балаларды оқытатын мекеменің директоры Нұржан Ысқақов бұл жабық түрдегі оқу орныекенін айтты. «Оқу орнына балаларды соттың шешімімен қабылдайды. Сот болардың алдында, ата-аналарымен балалардың тәрбиесі жөнінде азаматтық сот өтеді.Толық прафилактикалық жұмыс жасалғаннан кейін, кәмілеттік жасқа толмаған баланы осы оқу орнына жібереді.Барлық жиналған жұмыс азаматтық соттың кәмілеттік жасқа толмаған балалармен жұмыс жасайтын комиссиясына жіберіледі,соңында кәмілеттік жасқа толмаған баланы арнайы оқу орнына қабылдау үшін, ювенальды сотқа жібереді. Барлық сот отырысына құқықтары және заңдылықтары сақталут үшін прокурор қатысады», - деді ол. 


«Сіздердің көпшілігіңізде өмірлік тәжірибелеріңіз және білімдеріңіз жеткіліксіз, сондықтан сіздер қалпына келтірілмейтін қателер жасайсыздар. Біздің кездесулер сіздерді тағы да осындай қате жасамауға көмектесуге арналған», - деді «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының саяси кеңесінің мүшесі Ахтамақ Сарсембаева. 

Жасөспірімдер үлкендерді тек қана тыңдап қоймай, түсінді деп үміттенеміз.

18.05.2017