Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.12.2014
Тәуелсіздік-тірегіміз

2014 жылдың 18 желтоқсанында, Алматы құрылыс технология колледжінде «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының және «Жас Отан» Жастар Қанатының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік – тірегім» тақырыбында мерекелік кеш өтті.

Шараның мақсаты жастарды Отанды құрметтеп, елін жерін сүюге, тәрбиелеу, халықтың салт-дәстүрін құрметтеп, бағалай білуге үйрету.

Шара барысында, Ата-бабмыз ғасырлар бойы арман еткен тәуелсіздігіміздің қолға тигеніне 23 жыл болғанын, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан жастардың сол кездегі бар арман-тілегі халықтың бостандығы мен тәуелсіздігі болғаны сөз етілді. Жастардың, халықтың тілегі біреу-Қазақстанды басқа мемлекеттерге мойындату, ел екенін таныту болды. Бұның ақыры КСРО-нің тарап,, бұрынғы кеңес үкіметінің жойылуына әкеліп соқты. Сондықтан да Тәуелсіз мемлекет жалауы осы сәттерден бастап, желбірей бастады.

Желтоқсан оқиғасы кезіндегі жастардың аңсағаны әділдік пен еркіндік болды. Сол еркіндікті аңсап қаншама жастардың өмірі қыршын кетті. Бүгінде тарихта аты мәңгі сақталатын, Тәуелсіз мемлекет болуымызға шырылдап жанын қиған Сабира Мұхамеджанова, Лаззат Асанова, Ербол Спатаев, Қайрат Рысқұлбеков сынды сол көтеріліске шыққан қазақ жастарына жыл сайын бас иіп тағзым етеміз.

Жиналған қонақтар үшін арнайы колледж студенттері көрермендердің көңілінен шығатындай дәрежеде өнерлерін көрсетті. «Желтоқсан желі», «Жаса Қазақстан», «Алға Қазақстан» секілді патриоттық әндер орындап, қыздарымыздың билеген биі көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

18.12.2014