Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.04.2017
Ардагерлер үйінің тұрғындарына арналған Наурыз мерекесі

2017 жылдың 19 сәуірі күні, Әуезов ауданының әкім аппараты, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мен Ұйғыр этно-мәдени орталығының ұйымдастыруымен, Алматы қалалық ардагерлер үйінде Наурыз мерекесіне орай, іс-шара өтті. 


Алматы қалалық Ардагерлер үйінде 320 зейнеткер тұрады. Оның 3-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 90-ы еңбек майдангерлер. Қариялар назарына аудандағы мәдени орталықтардың талантты жастары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Сондай-ақ, мұнда мерекелік дастархан жайылды. Үстелдің мәнін келтіретін Наурыз көже болып табылды. 

Наурыз көже 7 түрлі тағамнан тұрады, 7 элемент: су, ет, тұз, май, ұн, дәндер (күріш, жүгері немесе бидай) және сүт. Бұл қоспалар қуаныш, табыс, даналық, денсаулық, байлық, жылдамдық, өсу және діни пана береді. Халық даналығында Наурыз көже ішкендердің осы жылы табыстары мол болып, езулерінен күлкі кетпейді, денсаулықтары мықты болады, ал отбасы баршылықта өмір сүреді деп айтылған. 

«Наурыз мерекесі – Шығыс халқының ертден келе жатқан мерекесі. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі – халықтың татулығы мен бірлігінің ынтымағының мерекесі, Наурыз – көктемнің, жаңарудың мерекесі. 

Наурыз шығыс елдерi үшiн – бiрлiктiң, татулықтың, еңбектiң, көктемнiң, iзгiлiктiң, бақыттың мерекесi ретiнде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күнi шаттанбайтын, қуанбайтын, мейiрленбейтiн адам болмаған.

19.04.2017