Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.04.2017
ЖПҚ мен аудан ПИК-терінің жұмыстары жөнінде жиналыс өтті

2017 жылдың 19 сәуірі күні, Әуезов ауданының әкімінің орынбасары Архат Омаров, аудандық ІІБ-ның жергілікті полиция қызметінің бастығы Нұрлан Ысқақовтың қатысуымен, АІІБ-ның полиция бөлімшесінің акт залында жергілікті полиция қызметі мен ауданның ПИК-терінің сабақтаса атқарған жұмыстары жөнінде кеңейтілген кеңес өткізді. 


Аталмыш шараға Әуезов ауданы прокурорының аға көмекшісі Б. Жұмағалиев, Алматы қ. ІІБ-ның қылмыстарды іздеу басқармасының бастығы Ж. Зиядин, Алматы қ. ІІБ ОГСО аға инспекторы К. Атаманчук, АІІБ бастығы Б. Қасабеков, аудандық ІІБ ПАБ бастығы М. Қаспақбаев, Әуезов ауданының әкім аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің басшысы С. Омарова және басқалар қатысты. 

Жиналыс барысында Әуезов ауданының жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы, аудан аумағында құқықбұзушылық пен қылмысқа деген «нөлдік төзімділікті» сақтау жөніндегі мәселелер талқыланды. 

Архат Омаров, аудандық ІІБ қызметкерлерінің ақпаратын тыңдай келе, әкімшілік құқықбұзушылықтарға қатысты тиісті жазаға тартылмау, алдағы уақытта осы тарапынан әртүрлі қылмыстық істерге апарып соғуы мүмкін екенін ескертті. «Бұл келеңсіздіктер құқыққорғау орындарының қызметкерлері «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Заңды» дұрыс сақтамаған деген сөз. Учаскелік инспекторлардың балалар ойнайтын орындарға, кір жаятын жерлерге, газондар мен шағын сәулетті орындықтардың маңайына көліктерді қойып, жолдың жиегі мен асфальттардың бүлінуіне көз жұмушылықпен қарауы заңға қайшы әрекеттердің бірі. Кейбір тұрғындар заңсыз көлік қоятын орындарды қоршап, арнайы сым тартуға көшкен, жолдарға кедергі қойып, арнайы мамандандырылған автокөлік өтетін жолдарды бекіткен», - дей келе, ол, Нұрлан Ысқақовқа, 

Әуезов аудандық ІІБ қызметкерлері өздеріне берілген міндеттерін ҚР Заңдылықтарына сәйкес, бұлжытпай орындауын қамтамасыз етуді атап тапсырды. Кеңес барысында туындаған барлық сұрақтарға толық жауаптар қайтарылып, тиісті ұсыныстар мен кеңестер берілді.

19.04.2017