Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев 173 мектепте "Мамыр - 1,2,3,4,5,6,7" ықшам ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.07.2019
Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев 173 мектепте "Мамыр - 1,2,3,4,5,6,7" ықшам ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев 173 мектепте "Мамыр - 1,2,3,4,5,6,7" ықшам ауданының тұрғындарымен жергілікті полиция қызметі, аудан қызметі және ПИК өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді. Әкім "Ардагер-4" ӨК төрағасына Мамыр-4 ықшам ауданыныдағы 305-315 үйдің ауласында шлагбаум және бейнебақылау камераларын орнату мәселелері бойынша тұрғындар жиналысын өткізу турал, Мамыр-2 ықшамауданындағы №18 үйдің кіреберісіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді. "Мамыр-1 "ПКСК төрағасы №29/5 үйдің шатырын, Мамыр-5,6 ықшам ауданадағы №29/1 үйдің кіреберіс алаңдарын жөндеу мүмкіндігін қарастыру тапсырылды. Учаскелік инспекторға бір ай мерзімде тұрғындар жиыны өткізу ескертілді. "Тәртіп" ЖШС қоқыс алаңшасынан ҚТҚ шығару жиілігін ұлғайтуды тапсырды. Сондай-ақ әкім тұрғындарға Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (ТКШ жаңғырту) бойынша үйлерге күрделі жөндеу жүргізу мүмкіндігі, ПИК және сервистік компанияларды сайлау тәртібі, тұрғындардың жалпы мүліктерін күрделі жөндеуге қаражат жинау туралы түсіндірді. Қазіргі уақытта "Алматы Жарық Компаниясы" АҚ теңгеріміне Мамыр-5,6 ықшам ауданындағы №29/1-29/8 үйлердің электр желілерін тапсыру жүргізіліп жатқанын айтты. Мамыр-2 ықшам ауданадағы аулаларға күрделі жөндеу жұмыстары 2020 жылы жүргізілетіні айтты. Сондай-ақ "АстанаСтройСервис-А "ЖШС мердігерлік компаниясы кепілдік мерзім аясында №305-315 үйлердің алаңында баскетбол сақинасын ауыстырып беретінін айтты. Момышұлы көшесінен бастап өтпелі жолда"Спутник" СҮ және №173 мектеп қасында аялдамаға тыйым салу мәселесі бойынша және Шаляпин көшесі бойында жаяу жүргіншіге арналған бағдаршамын орнату мәселесі бойынша қалалық мобильділік басқармасына тапсырма берілетін болады Әкім белсенді тұрғындарға осы кездесуге қатысқандары үшін алғысын білдірді.

19.07.2019