Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.12.2014
Тәуелсіздік – Қазақстан халқының тұғыры

2014 жылдың 17 желтоқсанында, Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде, Әуезов ауданы әкім аппараты мен «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы және «Жас Отан» Жастар Қанатының  ұйымдастыруымен, «Тәуелсіздік – тұғырым»тақырыбында кездесу өтті.

Шараға қатысушыларды  Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күнімен «Нұр Отан» партиясының Әуезов  аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының  төрағасы, колледж директоры Төлеуғали   Тайтулеев құттықтады. Ол өз сөзінде,Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт – тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдын аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды! Мемлекеттік тәуелсіздік –Казақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп-өніп шынға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз. «Қазақстан аз ғана уақыт ішінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігмен, экономикалық және әлеуметтік саяси жетістіктерге қол жеткізіп, мемелекет заманауи бәсекелестікке қабілетті ел болып қалыптасты»,-деп  атап кетті.

 Қазақстанның қол жеткізген табыстарын әлемдік қауымдастық өте жоғары бағалап отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ұлттың тұрақтылығы мен саяси тұрақтылықты басты назарға қойды.

Мемлекеттің тәуелсіздік алуы- халықтың негізгі қол жеткізген табысы. Тәуелсіздіктің тұрақтылығы-Елбасы мен мемлекеттік орындардың негізгі көздеген мақсаттары. Мемлекет пен елдің әрбір азаматы осы Тәуелсіздікті бағалап, нығайту жолында еңбек ете білуі керек. Қазақстан халқы ғасырлар бойы Тәуелсіздікке қол жеткізуді арман еткен.

Шара барысында, қатысушылар назарына, арнайы концерттік бағдарлама әзірленіп, «Желтоқсан желі, «Туған жер», «Жаса, Қазақстан», «Алға Қазақстан» сияқты әндер орындалды.

18.12.2014