Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.12.2014
Перинатальдық орталықта ҚР Тәуелсіздік күні аталып өтті

2014 жылдың 19 желтоқсанында, Қалалық Перинатальдық орталықта Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтті. Шараға Әуезов ауданы әкім аппаратының жауапты мамандары мен «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы және ауданның денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен басқа да мамандар қатысты.

Қалалық Перинатальдық орталықтың директоры Э. К. Жакашева, қатысушыларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, оларға өзінің ізгі тілегін білдіре келе, Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма үш жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Еліміздің білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде деп атап өтті.

Сонымен қатар халықаралық татулық пен ынтымақтың, экономикалық тұрақтылықтың дамуы үшін, тәуелсіз мемлекеттің әлемдік беделінің артуына Елбасы Н.Назарбаевтың атқарған еңбегі зор екенін ұмытпаймыз.

Шара барысында, партия белсенділері өз ойларымен бөлісті. Партия белсенділерінің аудандық қоғамдық істерге қосқан үлестері мен атқарған істері үшін «Нұр Отан» партиясының атынан арнайы мақтау қағаздары мен ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.

19.12.2014