Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2015
Қалалық Мәслихатының депутаты азаматтар қабылдады
2015 жылдың 20 қаңтарында, № 8 сайлау округі бойынша, Қалалық Мәслихаттың депутаты Игорь Бережной, Әуезов ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бекқали Торғаевтың бекіткен кестесіне сәйкес, Әуезов аудандық «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаровтың қатысуымен, Әуезов аудандық филиалының конференц- залында, азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауда, негізінен, заңға қатысты сұрақтар, жұмысқа орналасу жайында және басқа мәселелер қарастырылды. Мысалы, азаматша Д. К. Ақымбаева өзінің мүлкін жекешелендіріп, бөліп алғысы келетіні жайында арызданып, оған И. А. Бережной бұл іс жөнінде, нотариуске барып, нақты кеңес алу керектігін айтты. 

Аудан тұрғыны А. А. Ақмұрзаева, өзінің мамандығы бойынша жұмысқа тұруға қол ұшын беруді өтінді, оған қалалық Мәслихат депутаты Алматы қаласындағы, Әуезов ауданындағы Еңбек және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына барып арыз жазу керектігін ескертті.
20.01.2015