Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.06.2018
Қалалық емханада акция өткізілді

2018 жылдың 21 маусымы күні Әуезов ауданының әкім аппаратының қолдауымен, ауданның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері, Қазақ ұлттық ішкі және кардиология ауруларын зерттеу-ғылыми орталығының мамандыры мен амбулаторлы-емхана қызметкерлерінің қатысуымен, № 16 қалалық емханада «Өз денсаулығың – өз қолыңда!» атты акциясын ұйымдастырды.  

Акцияның негізгі мақсаты – адамдарға профилактикалық-медициналық тексеруден уақытында өту қажеттілігі, скрининг кезінде қант диабетін, гипертониялық ауру белгілерін, қан тамыры мен жүрек ауруларының бастапқы сатысында анықтап және оның тәуекел факторларын нақты анықтау. Бұл мүмкіндік уақтылы ауруды емдеуге, сауықтыруға, ауруды алдын алуға, сондай-ақ мүгедектікпен мен қайтыс болуына әкеліп соғатының жеткізді. 

Бүгінгі таңда, ауру мен өлім-жітімдікке алып келетін жұқпалы емес арулардың негізгі бөлігін құрайтын аурулар түрлері: жүрек-қан тамырлары, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулар, психикалық бұзылу және қант диабеті. 

Акция барысында ақысыз түрде тексерілуге ниет білдірген 113 қала тұрғынына қанның құрамындағы глюкоза, холестерин мөлшерін зертханалық анықталып, 75 адамның салмақ индексі мен өз денесінің есеп дене салмағының бұлшық майлық өлшемі, 211 адамның артериялық қысымы, 45 адам жүректерін электрокардиография тексеруінен, 32 спирография аппаратынан өтіп, зәр мен қан биохимиялық зерттеулерінен өткізіліп берілді. Осының ішінде 72 адам емхана ішінде кардиолог, эндокринолог, терапевт дәрігерлерінен кенес алып шықты. 

Сонымен қатар, тұрғындарға жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша буклет, ескертпе қағаздары таратылып, салатауатты өмір салтын ұстану, оған қоса жұқпалы аурулардың ішіндегі менингит, күл, кокжөтел, вирусты гепатит, туберкулез, сальмонеллез, жедел ішек жұқпаларды алдын алу шаралары туралы кенінен кенес берілді.

21.06.2018