Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.01.2015
Ауданда құқықбұзушылықтың алдын алу рейді жүргізілді

2015 жылдың 21 қаңтарында, Әуезов ауданы әкім аппараты мен аудандық ІІБ бірлесіп, полиция капитаны Н. Талдыбаев пен М. Отызбаев, аға лейтенант Г. Жимураева Алматы қаласындағы заң колледжінің жас полиция көмекшілерімен және инспекторларымен шағын учаскелерді тексеру жүргізді. 

Тексеру барысында, «Фемели» саябағында, Жұбанов көшесі мен Төле би, Қабдолов, Өтеген батыр және Саин көшелері бойынша тексерілген 24 адамның 15-і  қоғамдық орындарда тәртіп бұзушылық жасап, көзге түсіп, Әуезов ауданыныдағы ІІБ жеткізілді. 

Бұзушылық жасағандарға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы 441 баптың 1 бөлімі бойынша әкімішілік айыппұл салынды. Алматы жаңа технология колледжінің 1997 жылы туған оқушысы  Е. Вакяранов, бір жыл ішінде, екінші рет әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, Әуезов ауданыныдағы ІІБ Жасөспірімдер ісі жөніндегі есебіне тіркеуге алынды. 

Қазіргі уақытта, Әуезов ауданында 84 құқыққорғаушылардан жасақталған 1 073 адам жұмыс істейді. Оның ішінде, 35 адам күзетпен бірлескен, 232 аудан ПИК қызметкерлерінен, 33 «Полицияның жас көмекшілерінен» құрылған, 340 оқушымен қамтылған, 16 студенттер жасағында 537 студент жұмыс істейді. Жасақтың әрбір қызметкеріне жылына бір рет ауыстырылып отыратын, қызметтік куәлік беріледі. 18 жасқа толмағандар үшін, «Алматы қаласының құқыққорғау орындарының көмекшісі » қоғамдық бірлестігі атынан «Полицеилердің жас көмекшілері» деген куәлік берілсе, 18 жастан асқандар үшін «Полицияның қоғамдық көмекшісі» деген куәлік беріледі. 

Жыл басынан бері, учаскелік инспекторлармен бірлесіп, ІІБ-ның полициясы, Әуезов ауданындағы 82 қылмыстық оқиғалар көп кездесетін жерлерде, жедел-алдын алу шараларын өткізді. Осы бағыттағы жұмыс жүргізу ісі жалғасын табуда.

21.01.2015