2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.04.2015
Еңбегіне лайықты көптен күткен марапаттаулар өз иелерін тапты

2015 жылдың 21 сәуірінде, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Қуаныш Бахытұлы Ұлы Отан соғысы мен еңбек майданының ардагерлеріне арналған мерекелік медальдар тапсырды. Неміс-фашист басқыншылығынан ажырағанымызға, Ұлы Жеңістің 70 жыл толу мерекесіне орай, № 13 жалпы білім беретін мектепте салтанатты мерекелік медаль тағу рәсімі өтті. 

Бұл күнгі марапаттаулар өздерінің көптен күткен лайықты құрметті батырларына табыс етілді. Қуаныш Бахытұлы, ардагерлерді ерекше айтулы мерекемен құттықтап: «Кешегі өткен, Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарай келе, жігерлі халқымыз қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетті. Еңсесі биік ерлеріміз соғысқа алынып, ауылда қалған барлық тауқыметті жұмыс бала - шаға мен қарттардың, қала берді әйелдердің иығына түсті. 

Солай бола тұрса да мойымады. Бүгінгі ұрпақ тәуелсіз елде, бейбіт аспан астында өмір сүріп жатыр. Осы күндерді сыйлаған, ел ертеңі үшін кеудесін от пен оққа тосып, зұлмат соғыста қаза тапқан батыр жауынгерлерге басымызды иіп, айтар алғысымыз шексіз, Сіздер сол қырғыннан аман есен елге оралып, бүгінде біздің ортамызда қажырлы қарттықтың үлгісі болып отырғандарыңызды мақтан етеміз. Ауырмай, ұзақ жасап жүре беріңіздер!», - деп өзінің ақ тілегін білдірді. 

Салтанатты кеш қонақтарына, мектеп оқушыларының күшімен дайындалған концерттік бағдалама ұсынылып, соғыс жылдарындағы әуендер шырқалды. Қарттар таныс әуендерге би билеп, тынығып қайтты. 

Осы күні № 141жалпы білім беретін мектепте де, Ұлы Отан соғысы мен Еңбек майданының ардагерлеріне арналған мерейтойлық медаль тапсыру рәсімі өтті. Өз еркімен жүріп-тұра алмайтын ардагерлердің үйіне апарып тапсырды.

21.04.2015