Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2015
Аудан әкімі партия филиалында кеңес өткізді

2015 жылдың 22 қаңтарында, Әуезов ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бекқали Торғаев, Әуезов ауданындағы мемлекеттік мекеме жетекшілері мен құқыққорғау орындарының қызметкерлерінің қатысуымен, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Қоғамдық қабылдауын өткізіп, онда аудан тұрғындарының өтініштері мен арыздарын қабылдады. 

Б. Н. Торғаев, Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н. Ә. Назарбаев 2007 жылы «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық қабылдауын құрып, қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы азаматтарының әртүрлі сұрақтары мен мәселелерін қарастыруда үлкен жауапкершілікпен жұмыс атқарып, оларға көмек көрсетіп отырғанын атап кетті. 

Сонымен қатар, саяси тұрақтылықтың реттелуі мен еліміздегі экономиканың дамып, әлеуметтік мәселелерідің шешіліуіне де үлкен маңызды қызмет атқарып отырғанын айтты. 

Қоғамдық қабылдау- азаматтардың әлеуметтік мәселелері мен күнделікті қоғамдағы қым-қиғаш оқиғаларға байланысты, тұрмыстық мәселелері жайында, ең соңғы үміт күтетін орны. Ең бастысы – азаматтардың сұрақтарын шешуде, кейбір мекемелердің заңға қарама-қайшылық келтіретін жақтарын, дұрыс қарастыру, ақпаратты дұрыс беру. 

Осының арқасында, Қоғамдық қабылдау, азаматтардың үміт күткен сенімдерін ақтап, Қазақстан Республикасында тұратын азаматтарды мемелекет пен тығыз байланыстырып отыр. Қазақстан Республикасындағы азаматтардың өтініштерін шешусіз немесе қабылдаусыз қалдыру, тұрғындарымыздың «Нұр Отан» партиясына деген, жалпы еліміздің қоғамдық саяси көзқарасына деген сенімсіздігін тудырады. 

Аталған заңсыз әрекеттер, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың саясатын жүзеге асыруда, әртүрлі келеңсіздікке бой алдыру, тұрғындар арасындағы келіспеушілік пен халықтың сенімсіздік көзқарасын тудыруына, халықаралық деңгейдегі мемлекеттік беделдің төмендеуіне әкеп соғады. 

Бекқали Торғаев, мемлекеттік қызметкерлер мен мекеме басшылығына және барлық атқарушы орындарға 2015 жылға арналған нақты тапсырмаларды, мұқият қарап, кез келген «Нұр Отан» партиясының атынан келіп түскен шағымдармен зерделеп танысып, жауапсыз қалдырмау қажеттігін атап тапсырды. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бағдарламасын жүзеге асыруда, Меморандумда қол қойылған мемлекеттік орындар азаматтардың өтініштері мен арыздарын, қарастыру кезінде, оларға жөн сілеп, кеңес береу немесе істі қарау кезінде ҚР-ның заң шеңберінен аспау керектігін, «Нұр Отан» партиясына келіп, түскен сұрақтарды бақылау мен оның жүзеге асырылуын дұрыс қадағалауды атап тапсырды. 

Бұдан соң, құқыққорғау орындары мен атқарушы орындарға азаматтардың атынан жеке сұрақтар мен келіп түскен өтініштерді қарап, оларды Қоғамдық қабылдауда қарастыруды тапсырды. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Қоғамдық қабылдауына барлық қабылданған шешімдердің жүзеге асырылу барысын бақылауда ұстауды атап тапсырды.

22.01.2015