Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.06.2018
Мемлекеттік қызметшілер арасында боулингтен жарыс өтті

2018 жылдың 22 маусымы күні, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлының қатысуымен, Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай, «Фэмели» саябағының боулинг орталығында, аудан аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері арасында боулингтен жарыс ұйымдастырды. 


Аталмыш іс-шараның басты мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықтарын дамыту және жетілдіру болып табылды. 

Жарысқа аудан аумағында орналасқан 6 мемлекеттік мекеменің қызметкерлері мен журналистер құрама командасы қатысты. Әр командада 5 ойыншыдан болды. Ойын қорытындысы бойынша, Әуезов аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері бірінші жүлделі орынға ие болса, екінші орынды аудандық әкім аппаратының қызметкерлері иеленді. Ал, үшінші орынды Әуезов ауданы бойынша мемлекекттік кірістер басқармасының қызметкерлері еншіледі. 

Жеңімпаз командаларға аудан әкімінің мақтау грамоталары, тиісті медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

22.06.2018