Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарының басшыларымен кездесу өткізді.
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.07.2019
Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарының басшыларымен кездесу өткізді.
Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев ауданның 12 ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу басында әкім ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне қосқан үлесі үшін кәсіпкерлерге алғысын білдірді. Бірінші жартыжылдық бойынша ауданда оң динамика байқалып өнеркәсіп өнімдерін шығару - 19,5% - ға, инвестиция – 29,3% - ға, сауда-11,6% - ға өсті. Сонымен қатар әкім кәсіпкерлерге Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев мырзаның жаңа кәсіпорындар құру, жұмыс орындары ұлғайту мен салық төлемдеріне  бағытталған шаралар туралы бастамасын түсіндірді. Бұл дегеніміз іскерлік белсенділігі төмен аудандар үшін 2% пайыздық үстемемен бизнесті дамытуды жеңілдікпен қаржыландыру үшін "Almaty Finance" орталығын құру, яғни "Еңбек" бағдарламасын іске асыру және 20 млн. теңгеге дейін жеңілдікті кредиттер беру үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп микроқаржы ұйымын құру болып табылады. Сондай-ақ, әкім Әуезов ауданында әкімдік тарапынан "Qoldau" кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы құрылатын орын туралы және бос учаскелерде немесе тоқтап тұрған кәсіпорындар аумақтарында шағын индустриялық аймақтар құру жөніндегі жоспарлар туралы айтып өтті. Әкім кәсіпкерлермен бизнесті дамытудың мемлекеттік органдар, коммуналдық кәсіпорындар тарапынан кедергілер, жер телімдерін игеру, жұмыс орындарын құру және бос жұмыс орындары туралы мәселелер талқыланды. Жаңа өндірістер, жұмыс орындарын құру, бизнесті дамыту үшін шектеулерді алып тастау, қызметкерлерді дайындау үшін кәсіпорындарда оқу орталықтарын ашу, жұмысқа мұқтаж адамдарды жұмысқа орналастыру, сондай-ақ, Әуезов ауданының "Іскер Ана" жобасы бойынша "Бақытты Отбасы" көп балалы отбасын қолдау орталығының ашылуы жоспарлануы негізінде Әуезов ауданындағы көп балалы аз қамтылған аналарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету мәселелері бойынша ұсыныстар, өтінімдер жинау бойынша бірлескен қызмет туралы шешім қабылданды.

22.07.2019