2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.04.2015
Ардагерлердің үйіне барып ықылас білдірді

2015 жылдың 22 сәуірінде, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық Саяси Кеңес мүшесі Қайырбек Бергарипов, Әуезов ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Алтай Рақымбетовтің тапсырмасымен, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйіне барып, мерейтойлық медаль тапсырды. 

Қайырбек Бергарипов, соғыс ардагерлерін ерекше айтулы күнмен құттықтап, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдығы жылдың қаңтар айында, 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне арналған бірыңғай мерекелік медаль туралы Жарлыққа қол қойғанын және «1941-1945 ж. ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» туралы мерейтойлық медаль тағайындағанын айтты. 

Еліміздің азаматы Саблинский 1924 жылдың 28 сәуірде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдары Украин майданының 2-ші құрамында, Курс доғасында шайқасты. Соғыстағы ерлігі үшін «Отан үшін» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен және мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Сарымжанов Бірімжан Өтебайұлы 1925 жылы 18 ақпанда дүниеге келген. Украин майданының 2-ші құрамында Харьковте әскери қызмет атқарды. Соғыстағы ерлігі үшін «2-ші дәрежелі Отан соғысының» орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін», «Германияны жеңгені үшін» және басқа мерейтой медальдарының иегері. 

«Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. 9 мамыр 1945 жыл жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біз Сіздермен Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесін бірге қарсы аламыз, ешқашан ауырмаңыздар, қымбатты ардагерлер», - деді К. Х. Бергарипов.

22.04.2015