2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.04.2015
Партиялықтар ардагерлердің үйіне барды

2015 жылдың 20 сәуірінде, Әуезов ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының төрағасы Алтай Рақымбетовтің тапсырмасымен, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі Сергей Чуманов, Ұлы Отан соғысының ардагері Жәнділдә Бердімұратов пен Александр Чалыхтың үйіне барып, айтулы мерекемен құттықтап, мерейтойлық медаль тапсырды. 

Сергей Чуманов, соғыс ардагерлерін айтулы ерекше күнмен құттықтай келе, ағымдағы жылдың қаңтар айында, Қазқастан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне арналған бірыңғай «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» мерекелік медаль туралы Жарлыққа қол қойғанын атап кетті. 

Бердімұратов Жәнділдә 1926 жылдың 15 сәуірінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдары Белорус майданының 1-ші шебінде болған. Соғыстағы ерлігі үшін «Ұлы Отан соғысының 2-дәрежелі», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, «Маршал Г. К. Жуковтың», мақтау қағаздарымен және мерейтойлық медальдармен марапатталған. 

Чалых Александр Васильевич 1924 жылдың 1 ақпанында дүниеге келген. Соғыс жылдары Украин майданынынң 1-ші құрамында болған. Соғыстағы ерлігі үшін «2- дәрежелі Ұлы Отан соғысының» орденімен, «Жапонияны Жеңгені үшін», «Германияны Жеңгені үшін» және мерейтойлық медальдармен марапатталған. 

«Сіздер әрқашан нағыз ержүрек батыр болып туылып, батыр болып қала бермексіздер! Бүгінгі жастар тарихқа көз жүгіртер болса, ата-балаларының жасаған ерліктерін ешқашан ұмытпайды. 1945 жылғы Ұлы Жеңіс тарихта алтын әріптермен жазылып, мәңгі сақталмақ. Ол жеңіс- Сіздер жасаған ерліктің жеңісі. Қымбатты ардагерлер ешқашан ауырмаңыздар, Жеңістің 70 жылдығын қарсы алатын күнді бірге тойлап, бірге қарсы алайық!», - деп тілегін білдірді С. Чуманов.

22.04.2015