2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.04.2015
Партиялық бақылау Комиссиясының төрағасы ардагерлерді үйінде құттықтады

2015 жылдың 22 сәуірінде, партиялық бақылау Комиссиясының төрағасы Төлеуғали Тайтуллев, «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының төрағасы Алтай Рақымбетовтің тапсырмасы бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері Көкөз Бұдайбеков пен Шәріп Қалиасқаровты айтулы ерекше мерекемен құттықтап, мерейтойлық медаль тапсырды. 

«Сіздер әрқашан бүгінгі жастар үшін Отанға деген адалдық пен қайсарлықтың үлгі өнегесі болып қала бермексіздер. Бүгінгі жастар өз ата-бабаларының ерліктері мен қайсарлықтарын мақтан етеді. 1945 жылғы қан-төгіспен келген Ұлы Жеңіс, тарихта мәңгі алтын әріппен сақталады. Бұл Жеңіс Сіздердің арқаларыңыда, Сіздер тарту еткен сый. Біз, Сіздердің ерліктеріңізді бүгінгі ұрпаққа мақтан ете отырып, Сіздерге үлкен алғыс айтамыз, басымызды иеміз, әрқашан отбастарыңызда бақыт болсын, ауырмай аман-есен жүре беріңіздер деген тілек білдіреміз», - деді Төлеғали Тайтулеев. 

Бұйдабеков Көккөз 1924 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Соғыс жылдары 2- Украин майданының құрамында болған. Соғыстағы ерлігі үшін «Ұлы Отан соғысының 1-дәрежелі» орденімен, «Маршал Г. К. Жуков» және басқа мерейтой медальдарымен марапатталған. 

Қалиасқаров Шәріп 1926 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Соғыс жылдары Беларус майданының құрамында болған. Соғыстағы ерлігі үшін «Отан соғысының» және басқа да мерейтой медальдардың иегері.

22.04.2015