2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.04.2015
Соғыс ардагерлеріне барып қайтты

2015 жылдың 22 сәуірінде, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының Саяси Кеңесінің мүшесі Ерболат Қасымов пен Ербол Шырынбеков, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Алтай Рақыымбетовтің тапсырмасымен, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мерекелік медаль тапсырып, айтулы күнмен құттықтап қайтты. 

Ерболат Қасымов, соғыс ардагерлерін айтулы ерекше күнмен құттықтай келе, ағымдағы жылдың қаңтар айында, Қазқастан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне арналған бірыңғай «1941-1945ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» мерекелік медаль туралы Жарлыққа қол қойғанын атап кетті. 

Андреев Владимир Иванович, 1925 жылы 6 маусымда дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдары Москва қорғанысында болған. Соғыс жылдары «Ұлы Отан соғысының 2-дәрежелі», «Қызыл Жұлдыз» орденімен және «Москваны қорғағаны үшін», «Ерлік үшін», СССР-дің мемелекеттік Үздік шекара күзетшісі» және басқа мерекелік медальдармен марапатталған. 

Родионов Николай Петрович 1924 жылы 18 маусымда дүниеге келген. Белорус майданының 1-құрамында, Курс доғасында әскери қызмет атқарған. Соғыстағы ерлігі үшін «1-дәрежелі Отан соғысының», «Маршал Г. К. Жуковтың», «Ерлік үшін», «Германияны жеңгені үшін» және басқа медальдармен марапатталған. «Сіздер әрқашан нағыз ержүрек батыр болып туылып, батыр болып қала бермексіздер! 

Бүгінгі жастар тарихқа көз жүгіртер болса, ата-балаларының жасаған ерліктерін ешқашан ұмытпайды. 1945 жылғы Ұлы Жеңіс тарихта алтын әріптермен жазылып, мәңгі сақталмақ. Ол жеңіс – Сіздер жасаған ерліктің жеңісі. Қымбатты ардагерлер ешқашан ауырмаңыздар, Жеңістің 70 жылдығын қарсы алатын күнді бірге тойлап, бірге қарсы алайық!», - деген ақ тілегін білдірді Ербол Шырынбеков.

22.04.2015