2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.04.2015
Соғыс және еңбек ардагерлеріне құрмет

2015 жылдың 22 сәуірінде, Әуезов ауданы әкім аппаратының жауапты қызметкерлері, № 119 жалпы білім беретін мектепте, «Бізге өмір сыйлағандарыңызға, рахмет!» атты Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналып ұйымдастырылған салтантты кеште, 125 Ұлы Отан соғысы мен еңбек майданының ардагерлеріне мерейтойлық медаль тапсырды. 

Шараға қатысуышар, соғыста қаза болған солдаттарды бір минут еске алу үнсіздігімен бастады. Мектеп оқушылары өз өнерлерімен концерттік бағдарлама ұсынды. Әдеби монтаж барысында, оқушылар тебірене, табиғат ана көктемгі тіршілікке ояна бастағанда, біз де өмірдің тәттілігіне құмарта түсеміз. 

Әр мереке сайын, әр бақытты тыныш ұйқы, балғын балалықтың таңы атқан сайын, бейбіт өмірді тарту еткен, осындай өмір сыйлау үшін өздерінің жастық-шақтары мен өмірлерін құрбан еткен батырларымызды ешқашан естен шығару мүмкін емес екенін бала жүректерімен жеткізуге тырысты. 

Ұлы Жеңіс күні мерекесінде, біз үшін ерлік көрсеткен батырларымызға бас иеміз, алғыс айтамыз. Біз аман қалған ата-апаларымызды бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Біз соғыс сөзін кітаптан оқып, кинодан ғана көрдік. Біз, бұндай сұмдықты көз алдымызға елестете алмаймыз. Бізге бейбіт өмір сыйлау үшін қымбатты ардагерлеріміз жандарын аямай күресті. Олар Отан алдындағы жауапкершілік пен ар-намысты бірдей қорғап, бізге ерліктің үлгісін, батырлықтың үлгісін, қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Рахмет, сіздерге аяулы ардагерлер!

22.04.2015