Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.10.2018
Тұрғын үй қоры мен ПИК қызметі мәселелері бойынша жиналыс өтті

2018 жылдың 23 қазаны күні Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев тұрғын үй қоры мен пәтерлер иелері кооперативтері қызметінің мәселелерін талқылау бойынша жиналыс өткізді. 


Аталмыш іс-шараға әкім орынбасары Бақытжан Рақымбеков, ТЖ бойынша аудандық бөлімінің бастығы Арман Байгелов, аудан әкім аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімі қызметкерлері, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің және ПИК төрағалары қатысты. 

Жиналыс барысында «Аймақтардың дамуы-2020» және е-ПИК бағдарламаларын жүзеге асыру, бейнекамералар мен есеп құрылғыларын орнату, 1-КС формасы бойынша есеп тапсыру және жалға берілетін үйлердің мониторингі, сонымен қатар, аула аумақтарының санитарлық тазалауы мен тұрғындардың берешектері жөнінде мәселелер талқыланды. 


Жиналысты қорытындылай келе, Әнуар Өскенбаев бірқатар тапсырмалар берді: 

- үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшін, Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы Басқармасына тапсырыс беру жеделдетілсін; 

- электронды құжат алмастыру үшін е-ПИК жүйесінде тіркелсін; 

- үйлердің кіреберісі мен подъездеріне, болмаған жағдайда, бейнекамералар орнату, камералар болған жағдайда, олардың жұмыс қалпы сақталсын; 

- есеп құрылғыларын орнату үшін, жертөлелерге кіруді қамтамасыз етілсін; 

- тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін, қажет болған жағдайда, аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің, «Алматинские тепловые сети» ЖШС өкілдерінің қатысуымен, жиналыс өткізілсін; 

- үйлердің ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша, атқарылған жұмыстар туралы 1-КС есебін уақытылы тапсырылсын; 

- подъездерде берешегі бар тұлғалардың тізімі ілінсін;

- аула аумақтарын уақытылы жинап тұру үшін, тиісті мөлшерде аулашылар алынсын; 

- пәтерлер иелерін біліп, жалға берілетін үй-жайлар ай сайын тексерілсін.

23.10.2018