Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.06.2015
Аудан әкімі емханаларда болды

2015 жылдың 23 маусымында, Әуезов ауданының әкімі Алтай Рақымбетов, жұмыс сапарымен, №10 және №16 қалалық емханаларда болып, емдеу мекемелерін аралап, олардың жағдайымен танысып, медицина қызметкерлерімен, науқастармен сұхбаттасып, қал-жағдайларын біліп қайтты.

 Бас дәрігер Алуа Мұсабаева қызмет атқарып отырған, №10 Қалалық емханада 10 бөлімше аудан тұрғындары балалар мен үлкендер, сондай-ақ, әйелдер кеңесі, науқасқа ем жүргізу, галотерапия мен музыкатерапия сияқты қызметтер көрсетеді. 

 Галотерапия- денсаулықты оңалту үшін, жасанды шағын климатты тұзды өңірдің атауы. Бұл әдіспен емдеудің ең жоғарғы және тиімді тәсілдерін: кеуде демікпесі(орта және орташа ауыр); асқынған бронхиттер, пневмония, сауықтырудың алдын алу сияқты әдістер жүзеге асырылады. Галотерапия екіқабат әйелдерге, дәрі-дәрмектің көмегінсіз жеріктікті басуға да көмек береді. Ауадағы әртүрлі жұқпалы инфекциялардан қорғайды, адамның жылдам сауығуына пайдасын тигізеді. Дәрігерлер емдеу барысы арқылы осы емнің тиімді әрі, сапалылығына көз жеткізгендігін айтады. №16 Қалалық клиникалық аурухана 1973 жылы ашылған. Басында балалар емханасы ретінде ашылып, кейіннен аралас емханаға айналды.

 Емхананың бас дәрігері Ақмарал Әлібек. Мұнда 19 түрлі: балаларды, ішкі ауруларды емдеу, хирургия, травматология, ортопедия, урология, неврология, офтальмология, оториноларингология, балалар кардиологиясы мен ревматология, балалар гинекологиясы, рентгенология, УЗИ-диагностика, физотерапия, лабораториялық зертхана әйелдер кеңесі жұмыс істейді. 

Емханада баланы қалай емізу, диарейная, респираторная және отбасын жоспарлау бағдарламалары да қызмет көрсетеді. Қаладағы барлық емханаларда қыли көзді балаларды емдеу дұрыс жолға қойылған. 

 Сонымен қатар қайта оңалту орындары: жарықпен емдеу, магнитті емдеу, ультракүлгін сәулелері арқылы, индуктотермия, булау, балшықпен емдеу, парафинмен емдеу, шағын климатты жасанды камера(тұзды шахта) фитобар, ЛФК кабинеті, күндізгі емдеу, ересектер мен балаларға , әйелдерге ем көрсетудің барлық түрлері арқылы күніне 2500- дей тұрғын сауықтыру емін алады.

23.06.2015