Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.04.2018
Ауған соғысының ардагерімен кездесу өтті

2018 жылдың 24 сәуірі күні, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының ұйымдастыруымен, партияның «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында, Д. А. Қонаев атындағы колледжде ауған соғысының ардагері Чупеков Нұржан Әбдіғалімен кездесу өтті. 


Іс-шараның мақсаты: қоғамдық дамудың қазіргі рухани жаңғыруында жаңаша ойлайтын, қазақ елінің, жерінің қадір-қасиетін түсінетін, Отанын, елін, жерін сүйетін қазақ азаматын тәрбиелеу. 

Кездесуге келген қонақты колледждің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Беделбек Қатаев қарсы алып, колледж әкімшілігі атынан сыйлық жасады.  Кездесу барысында Н. Ә. Чупеков өз басынан өткен қиындығымен шындалу жолындағы, Отан алдындағы әскери борышын өтеу барысындағы оқиғаларымен, өз өмірі туралы әсерлі әңгімелер айтып берді. Ол оқушыларға ақ тілегін білдіріп, қазіргі бақытты балалық шақтарын қадірлей білуге, Отан-ең қастерлі ұғым екенін, қазіргі болашақ-жастардың білімді болып қалыптасуында екенін, биік белестерге жету үшін ерінбей еңбектену қажеттігін айтты.

24.04.2018