Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев 8 ықшам ауданында жаяу жүргіншілер аймағының құрылысы бойынша кеңес өткізді
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.05.2019
Ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев 8 ықшам ауданында жаяу жүргіншілер аймағының құрылысы бойынша кеңес өткізді
Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев 8 ықшам ауданында жаяу жүргіншілер аймағының құрылысы бойынша Алматы қаласының даму орталығының урбанистерімен, жобалық және мердігерлік ұйымдардың өкілдерімен кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, бұл учаске Абай, Алтынсарин және Шаляпин көшелерін жалғайтын болады. Аудан тұрғындарының өтініші бойынша жобаға велосипед жолдарын қосу, футбол алаңын қолданыстағы көлемде қалдыру, сондай-ақ 8 ықшамауданнан өтетін қосымша арық желісін салу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар жобаға иттерді серуендетуге арналған екі бөлек алаң салынады. Жасыл желектерді сақтау мақсатында жаяу жүргіншілер аймағының маршруттары түзетілетіндігін атап өту керек. Сонымен қатар, "Алматы Су"МКК су жинау учаскесінің қоршауларын эстетикалық ресімдеу бойынша шешімдер әзірленетін болады. Кездесу соңында әкім көріктендіру кезінде пайдаланылатын брусчатка, орындықтар мен жарықтандыру тіректерінің түрлерін келісті.

24.05.2019