Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.12.2014
Коммунальды шаруашылық мәселелері бойынша кеңес өтті

2014 жылдың 24 желтоқсанында, Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев, әкім орынбасары Канат Сәлменовтің қатысуымен, аудан әкімі аппаратының коммунальды шаруашылық бөлімі, ІІБ қызметкерлері, салық комитеті мен жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағаларымен жалпы тұрғын үйлерге орнатылып  жатқан бейне бақылаулардың орнатылуы жайында кеңес  өткізді.

Кеңес барысында, Қанат Сәлменов, қазіргі  уақытта ауданда 5 457 бейне бақылау камераларының 2 177-сі сыртты бақылауға, 3 280 камера ішкі бақылауға қойылғанын айтты. 350 көпқабатты  үйге 2 658  камера қойылса, оның 1 279-ы сырттай бақылау мақсатында  жұмыс істеп тұрғанын айтты.

Бекқали Торғаев, ПИК төрағалары тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертті. «Егер үйлердің барлық подъездері камера орнатуға қарсылық білдірмесе, онда, мердігерлік  мекемелер оны тегін орнатуға дайын. Сондықтан, осы мүмкіндікті, тұрғындар  пайдалану мақсатында, барлық үйлерді тиісті бейне бақылаумен қамтуды қолға алу керек. Бейне бақылау камераларын орнату арқылы түрлі қылмыстың алдын алуды жеңілдетеміз»-деді ол өз сөзінде.

Әуезов ауданы әкім аппаратының коммуналды шаруашылық бөлімінің бас маманы Еркінбек Нүкебаевтың берген ақпараты бойынша, 2012 жылдың  тамыз айынан 2014 жылдың 1 қарашасына дейін «АЛТС» ЖШС күшімен ауданда, 831 жалпы есептегіш құралдары орнатылды. 1 қарашадан бастап, бүгінгі күнге дейін, «АлТС» ЖШС 7 ПИК-пен 79 есептеу құрылғы орнатуға келісім шарт жасасты. Осы бағыттағы жұмыс жүргізу шаралары жалғасын табуда.

Сонымен қатар, пәтер жалдаушылар жайындағы мәселелер де қарастырылды.  Жергілікті өзін өзі басқару комитетінің төрағалары ІІБ қызметкерлерімен, салық басқармасымен бірлесіп, аудандағы пәтер жалдаушылар мен пәтер берушілерді анықтаумақсатында, арнайы комиссия жұмыс істейді. Жергілікті өзін өзі басқару бойынша әкім кеғесшісі Нысанбек Ермановтың ақпаратында, бүгінгі таңда, салық комитетіне 3 524 пәтер беруші тіркелсе, оның 523-і ағымдағы жылы тіркелген. Олар жеке кәсіпкер ретінде, салық төлеп отыратыны айтты.

Бекқали Торғаев, барлық пәтер жалдадаушыларды есепке алу жұмысын қолға алу керектігін есертті.

24.12.2014