Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.12.2014
ҰОС ардагерлеріне көмек көрсету жайындағы кеңес

2014 жылдың 23 желтоқсанында, Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев, аудан мекемелерінің, басқа қызметтік сала жетекшілерімен және аудандағы оқу орны басшыларымен кеңес өткізді. 

Кеңесті аша келе, Бекқали Торғаев, алдымызда Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 70 жыл толу мерекесі жақындап қалуына байланысты, аңымдаңы жылдың 31 желтоқсанына дейін, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан жаңа жылдық  сыйлықтармен құттықтап, қал жағдайларын біліп қайтуды, ұйымдастыру керектігін ескертті. Мұндай мерекелік шаралар, тек қана мекеменің бірінші жетекшісі немесе орынбасары арқылы жүзеге асырылу қажет екенін айтты. Бұған қоса, Президенттің тапсырмасы бойынша, Қазақстанның барлық жерлерінде, 2015 жылдың 22 желтоқсанына шейін, ҰОС ардагерлерін кезектен тыс баспанамен қамту мәселесі шешілу қажеттігі айтылды. «Осы өткізілген шаралар бойынша тиісті ақпараттарды, 2015 жылдың 5қаңтарына дейін Қазақстан Респуликасы Үкіметіне хабарламалар жіберілуі тиіс», - деді Бекқали Торғаев. 

Бүгінгі таңда, ауданда 215 соғыс ардагері мен мүгедек бар. Олардың барлығына Елбасының тапсырмасы бойынша, барлық мемлекеттік мекемелер мен  денсаулық сақтау орындарына тиісті көмек көрсету мақсатында, бекітіліп берілді. Жалпы білім  беретін мектептер өз учаскелеріндегі соғыс ардагерлерінінің үйлеріне барып, арнайы шаралар жүргізеді. Қазіргі уақытта, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған дайындық жұмыстарына қатысты іс-шаралар жүзеге асырылуда.

23.12.2014