Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.05.2018
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында спартакиада өтті

2018 жылы 25 мамыр күні, Әуезов ауданы әкімі аппараты ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында, мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында, Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінде спартакиада өтті. 


Жарыстың мақсаты «Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, ынталандыру болып табылды. 

Спартакиада спорттың 10 түрінен болды: шахмат, тоғызқұмалақ, қол күрес, үштік сайыс, арбамен мәнерлеп сырғанау, пауэрлифтинг,арба жарысы, жүгіру, дартс және үстел теннисі. Жарысқа 40-тан көп адам сайысқа түсті. Жеңімпаздарға аудан әкімінің грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.

25.05.2018