Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.06.2018
Ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекесімен құттықтады

2018 жылдың 25 маусымы күні Әуезов ауданының № 10 округі бойынша Алматы қалалық Мәслихат депутаты Кенжехан Матыжановтың бастамасымен, медицина қызметкерлері күніне орай, Әуезов ауданы аумағында орналасқан № 3 қалалық перинаталдық орталығы мен № 5 перзентхана қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

Іс-шара барысында депутат көмекшісі Азамат Есіркеев елімізде денсаулық саласын дамытуға, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсетуде аса жауапкершілік танытып жүрген ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, қызметтеріне табыс тіледі. Сондай-ақ ол Швейцариялық ғалым, Бүкіләлемдік Давос экономикалық форумының негізін салушы әрі тұрақты президенті Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция», Американдық жазушы Олег Гриннің «Билік баспалдақтары немесе құдіретті болудың 48 қағидасы», Жапондық өнертапқыш Масару Ибуканың «Уыз тәрбие – үш жас» сияқты әлемге танымал еңбектерді қазақша сөйлеткен белгілі фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қалалық мәслихат депутаты Кенжехан Матыжановтың атынан медицина қызметкерлерін «Алғыс хатпен» марапаттап, ауқымды аудармалардың бірі Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» атты кітабын естелікке сыйға тартты. 

Ерен еңбектерін ескеріп, құрмет көрсетіп, рухани тұрғыдан қолдау танытқан Кенжехан Матыжановтың ыстық ықыласын жылы қабылдаған әлемдегі ең қасиетті мамандық иелері халық қалаулысына өз ризашылықтарын білдірді.

25.06.2018