Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.04.2018
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАНДЫРУ

2018 жылдың 1 мамыры күні, сағат 11.00-де, «Family» саябағында Қазақтан халқының бірлігі Күніне арналған салтанатты мерекелік шара өткізілмек. 

Бұрынғы ұрпақ өкілдері 1 мамыр мейрамын еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні деп атаған. Бұл мейрам идеологиялық ұрандардың көптігімен ерекшеленген: «Бейбітшілікке – бейбіт», «Бейбітшілік, еңбек, мамыр» және тағы басқалар. Саяси құрылымның алмасуы және Қазақстан өз тәуелсіздігін алуымен Қазақстандағы бірінші мамыр мейрамының мәнін өзгерткен болатын. 1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. A. Назарбаев өз Қаулысымен 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі Күні деп жариялады. Елімізде бұл мейрам, Қазақстанда тату-тәтті тұратын әртүрлі ұлт өкілдерінің сүйікті мейрамдарының біріне айналған. 

1 мамыры күні Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Алтай Рақымбетов аудан тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтайды. Аталмыш мерекелік шараға көркем өнерпаздар ұжымдары, жоғарғы және орта арнайы оқу орындарының басшылары, мектеп және ұлттық-мәдени орталықтарының директорлары қатысады.

Алматылықтар мен қала қонақтарына арналып ұлттық-мәдени орталықтары көркемөнерпаздар ұжымдарының концерттік көрсетілімі, ұлттық тағамдар байқауы, спорттық шаралар мен сурет салу жарысы ұйымдастырылмақ. Жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар мен естелік сыйлықтар күтуде. 

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! Сіздерді мамыр мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, бақ-дәулет тілейміз! Біздің мерекелік шарамызға қатысып, ақпараттық қолдау көрсетуге шақырамыз.

Анықтама телефондар: 303-25-58, 303-25-60, 303-42-73

26.04.2018