Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.12.2017
Нұрлы болашақ жолында жастарға рухани қолдау көрсетілді

2017 жылдың 26 желтоқсаны күні «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров, партияның «Жастар – Отанға!» жобасы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстаным!» атты қайырымдылық ән кешіне қолдау көрсеткен «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелеріне рухани қолдау көрсету мақсатында, жиын өткізді. 


Жастардың рухын жаңаша жаңғыртуға, дүниетанымы мен қоғамдық көзқарасын қалыптастыуға бағытталған іс-шарада Мұрат Омаровөз сөзінде «...Отанды сүю өз отбасыңды сүюден басталады. Отанын, елінің рухын асқақтату зиялы азаматтардың қолынан келетін іс. Міне, осы жағдайда өскелең еліміздің қажеттілігіне жарайтын білімді, өнерлі, өнегелі жастарды тәрбиелеудің маңызы зор. Осыған байланысты Елбасымыз «рухани жаңғыру» мәселесін күн тәртібіне кезек күттірмейтін мәселе ретінде ұсынып отыр. Бұл қазіргі заман талабына сай, дер кезінде көтерілген қажетті бағдарлама деп түсінуіміз керек.», - дей келе, ата-бабаларымыздан қалған ізгі салт-дәстүрлер мен руханиятты, ұлттық құндылықтарды сақтап, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болар із қалдыру қажеттілігін, ұрпақ үшін оның маңыздылығын жастайынан жіті түсінудің қажеттілігін жан-жақты баяндады. 

Бұдан әрі, Мұрат Омаров жастарға қайырымдылық ән кешіне қосқан елеулі еңбегі үшін ризашылығы мен алғысын жеткізді. Нұрлы болашақ жолында оқуда озат, шығармашыл да өнерлі, рухымызды жаңаша жаңғыртуға, еліміздің рухын асқақтатуға үлес қосар табысты тұлға болып қалыптасуларына тілек білдірді. 

Қайырымдылық істің мәнін терең түсінген жастар алдына мақсат қоя білудің, сол мақсатқа қол жеткізу үшін бәсекеге қабілетті болумен бірге, еңбексүйгіштік және білімнің болуын, бәрінен бұрын сананы уақыт талабына сай өзгертіп, қалыптастырып, қанымызға сіңіп қалған қасаң қағидалар мен таптаурын түсініктерден арылмайынша қай мақсатқа қол жеткізуде болмасын жетістікке жетудің еш мәнінің болмайтындығына көз жеткізіп, ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын ұғынды.

26.12.2017