Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.12.2017
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Жаңа жылдық мереке

2017 жылдың 26 желтоқсаны күні, Әуезов ауданы әкім аппаратының ұйымдастыруымен, «Достық» аула клубында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық мерекелік іс-шара өткізілді. 


Балалар мен олардың ата-аналарын, Жаңа жыл мерекесімен Әуезов ауданы әкімінің атынан жергілікті өзін өзі басқару комитетінің төрағасы Миршат Баратов құттықтады. «Кез келген адам жаңа жыл мерекесін асыға күтетіні анық. Себебі, жаңа жыл өз бойына барлық жақсылық пен әсемдікті, сұлулық пен қуанышты біріктірген мейрам. Жаңа жыл мейрамы – ерекше салтанат, арман мерекесі. Оны үлкендер де, балалар да асыға күтеді. «Жаңа 2018 жыл баршаңызға табыс, жаңа күш-қуат сыйлап, ырысты да берекелі жыл болсын, туған туысқандарыңыз бен жақындарыңыз әрқашан аман болсын! Жаңа жыл өмірлеріңізге жарқын жаңалық әкелсін! Біздің әрқайсымыздың тағдырымыз еліміздің ауданымыздың тағдырымен тікелей сабақтас, тығыз байланыста болғандықтан еліміз бен халқымыздың амандығын тілейміз!»,-деп Миршат Бартов тілегін қорытындылады. 


Іс-шара барысында «Достық» аула клубының тәрбиеленушілері би билеп, ән шырқап, өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, балаларға арнайы мерекелік дастарқан жайылды. Мерекеге келген әр балаға Аяз Ата мен оның көмекшілері сыйлықтарын табыстады.

26.12.2017