
27.09.2018
Тұрғындарымен кезекті кездесу өтті
27.09.2018
2018 жылдың 27 қыркүйегі күні, Әуезов ауданының № 13 округі бойынша жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Миршат Баратовтың қатысуымен, коммуналдық-шаруашылық мәселелері бойынша, «Достық» ықшамауданының тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Миршат Баратов жылдың басынан бері атқарылған жұмыстар бойынша мәлімдеді. Сондай-ақ, көшелердің санитарлық тазалығы, жаңа су құбырлары трассасына қосылу, көшелерді асфальттау және сыртқы жарықтандыру жөнінде мәселелер талқыланды.
Жиынға қатысушылар тарапынан көптеген ұсыныс-пікірлер айтылып, тұрғындар қойылған сұрақтарына жауаптар алды. Осы бағытта жұмыс ауданның барлық округтарында күн сайын өткізіліп тұрады.